Қабылдау телефоны:
Біз туралы
Астана қаласы әкімдігінің » № 36 «Балапан» балабақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынына қош келдіңіздер!
Біздің сайт, ең алдымен, өз баласының үйлесімді және жан-жақты дамуына мүдделі, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқытудың қиындықтары туралы туралы тәжірибелерімен бөлісетін,білікті мамандармен ынтымақтасқысы келетін жандарға арналған.
Біз сіздерді әр бала өз достарын тауып, уақытын жылулық, қамқорлық пен көңіл атмосферасында өткізе алатын, «Балалық шақ» әлеміне шақырамыз!
Біздің балабақшамыз, алғаш рет 2018 жылдың қазан айында Астана қаласы әкімдігінің «№ 54 «Нұр-Ай» балабақшасы» МКҚК ретінде ашылды, кейіннен 2021 жылдың 1 наурызынан бастап, «Астана қаласы әкімдігінің» № 36 «Балапан» балабақшасы » МКҚК ретінде жұмысын жалғастырып келеді.
Астана қаласы әкімдігінің » № 36 «Балапан» балабақшасы » МКҚК-ы үлгілік жоба бойынша салынған «Алматы» ауданы, Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жағы), Қарқабат көшесі, № 15 ғимаратында орналасқан.
Құрылтайшысы: Астана қаласының әкімдігі
Уәкілетті орган: «Астана қаласының білім басқармасы» Мемлекеттік мекемесі
Жалпы топтар саны-12, жалпы жобалық қуаттылығы бойынша 293 балаға арналған, оның ішінде сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған 2 топ, инклюзивті білім берудің жалпы дамыту 6 топтары бар.
Астана қаласы әкімдігінің «№ 36 «Балапан» балабақшасы» МКҚК-да 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мемлекеттік тілде тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасалған.
Балабақшаның жұмыс тәртібі -7.30-дан 18.00-ге дейін, балалар балабақшада бес күндік жұмыс аптасымен, күніне 10,5 сағат уақыт өткізеді. 19.00-ге дейін ақылы негізде кезекші топ жұмыс істейді.
Педагогикалық ұжым «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы» бойынша өз қызметтерін жүзеге асырады. МДҰ педагогтары Типтік бағдарламамен қатар ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерге негізделген «Өркендеу» бағдарламасын тәжірибеден өткізу бойынша, эксперименттік алаң негізінде жұмыс жасайды.
Балабақшада мына бағыттар бойынша қосымша ақылы білім беру ұйымдастырылған: робототехника, құм терапиясы, aрт-студия, футбол, хореография, домбыра, шахмат, асық, логопед-мұғаліммен жеке сабақтар.
Білім беру үдерісі педагогикалық ұжымның, тәрбиеленушілер мен ата-аналардың тығыз байланысы негізінде құрылады.
Балабақша штаттық кестеге сәйкес білікті мамандармен жасақталған. Барлық педагогтардың сәйкесінше білімдері бар.
Біздің мектепке дейінгі ұйымда аталған мамандар жұмыс істейді: логопед-мұғалім, дефектолог-мұғалім, психолог, педагог-психолог, дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушылар, музыкалық жетекшілер.
2019 жылдан бастап мектепке дейінгі ұйым «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті студенттерінің педагогикалық және әдістемелік тәжірибесін өткізу базасы болып табылады.
Педагог ұжымының алдында тұрған міндеттерді сәтті шешу үшін және балабақшадағы жұмыс бағыттарын ескере отырып: музыкалық және дене шынықтыру залдары, психолог, логопед, робототехника, құм терапиясы, Арт-студия және медициналық кабинеттермен жабдықталған.
Мектепке дейінгі ұйымның басқа мекемелермен өзара іс-әрекеті. Балабақша басқа білім беру мекемелерімен және қоғамдық ұйымдармен байланысты нығайтуда:
-«Астана қаласының білім басқармасы» ММ,
— Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «білім беруді жаңғырту орталығы» МКҚК,
— Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті,
— КММ № 53 мектеп-лицейі,
— «Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы» МКҚК,
— ПМПК № 1,2,3,4,5
— Астана қаласы әкімдігінің «№ 6 қалалық емханасы» ШЖҚ МКК,
Біздің балабақшаның қызметі: баланың қауіпсіздігі мен құқықтарын мүлтіксіз сақтай отырып,тәрбие – білім беру процестерінің бірлігін қамтамасыз етуге, сауықтыру,балалардың денсаулығын нығайту мен сақтауға бағытталған.
«Атырау облысы Білім беру басқармасының Атырау қаласы білім бөлімінің «№2 «Ақ сұңқар» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Twitter
Facebook-f
Dribbble
Youtube
Pinterest
Medium
Құқықтық ақпарат
- Президент
- Премер-министр РК
- Парламент РК
- Фонд Первого Президента
- Электронное правительство
Басқа ресурстар
- Рухани жанғыру
- Единый блог директоров