ҮРКЕР МАРАФОНЫ-2021
Білімқұмар балаларға арналған Республикалық «ҮРКЕР» зияткерлік марафонының жеңімпаздары мен жүлдегерлері белгілі болды. Бүлдіршіндеріміздің арасынан 21 бала арнайы медальдарга ие болды. Біздің балабақша «ЗИЯТКЕР БАЛБАҚША» кубогын алды. Балаладың логиқалық ойлауы мен шығармашылығын дамытуға үлес қосқан тәрбиеші апайларымызға да арнайы сертифкаттар берілді. Жетістіктеріміз көп,балапандарымыз білімді болып өсе берсін.



Алматы ауданы әкімдігі, «Толағай» отбасылық сайысы
2022 жылдың 10 қыркүйек күні — Алматы ауданы әкімдігі Отбасы күніне орай «Толағай» отбасылық сайысын ұйымдастырды. Сайысқа аудан бойынша әр балабақшадан 2 ата-ана қатысты. Нәтижесінде біздің балабақшадан «Еркемай» мектепалды тобының тәрбиеленушісі Сәрсенбек Айсұлтанның отбасы 2-орынды, «Бәйтерек» ересек тобының тәрбиеленушісі Бақыт Әбдікәрімнің отбасы 3-орынды иемденді! Құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын




Тірішілік қызметі қауіпсіздігі» конкурсы
«Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз». Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» ретінде жариялағаны белгілі. Соған орай Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы мен Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) ұйымдастырылуымен балалар қауіпсіздігі мәдениетін жоғарылату мақсатында, Нұр-Сұлтан қаласының мектепке дейінгі мекемелер арасында «Тіршілік қызметі қауіпсіздігі» бойынша ең үздік балалар ертеңгілігі конкурсы жарияланған болатын.
13 сәуір- Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығы Қ.Базарбаев, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының бас маманы Л.Алеуханова, Нұр-Сұлтан қаласы «Қуыршақ» МКҚК театрының басшысының міндетін атқарушы С.Муратовна, Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы , азаматтық қорғау майоры М.Кожахметова, ТЖД қоғаммен байланыс тобының инспекторы ,азаматтық қорғау аға лейтенанты Р.Сыздыкова коммисиялық құрамда балабақшамызға келіп, «Құлпынай» мектепалды даярлық тобының төтенше жағдай кезіндегі «Қауіпсіздік әліппесі» тақырыбында шағын ертегілік қойылымын тамашалап, өз бағаларын беріп кетті. Көріністің мақсаты: балалардың тілсіз жау- өрт туралы білімдерін бекіту. Төтенше жағдай кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдыларын қалыптастыру. Балаларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Аталған іс-шараны ұйымдастырған ТЖД басшылығына , соның ішінде департамент бастығы Базарбаев Қуанар Бекеновичке үлкен алғысымызды білдіреміз. Алдағы уақытта да осындай қоғамға қажетті маңызды конкурстар ұйымдастырыла берсін дегіміз келеді.
Конкурс нәтижесінде 16 балабақша арасынан біздің балабақша 1 орынға ие болып, алдыңғы қатардан көрінді. Қорытынды марапаттау рәсімінде балабақшамыздың бүлдіршіндері «Қауіпсіздік әліппесі» қойылымын қойып, көрермен қошеметіне бөленді. Балаларға осындай төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік туралы білуге, тәжірибе жүзінде көріп, түсінуге жағдай жасаған ұйымдастырушыларымызға үлкен алғысымызды білдіреміз! Халықты тілсіз жаудан, су тасқынынан қорғайтын өрт сөндірушілеріміз аман болсын! Елімізде бейбіт заман болсын! Өсіріп отырған бөбектеріміз аман болып, осындай тілсіз жау өрт пен су тасқыны, басқада төтенше жағдайлар тек қана көріністерде, қойылымдарда ғана орын алсын — деп ТЖД қызметкерлерінің еңбектеріне бас иіп, зор қошеметімізді білдіреміз!
20 сәуірде елордалық ТЖД бастығы Қуанар Базарбаевтың балалармен кездесуі өтті. Кездесуге №36 «Балапан» балабақшасының және «SOS» балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысты. Балаларға 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшесінің аумағында өрт сөндіру техникаларының және құтқарушылардың күнделікті жұмысының көрсетілімін, сонымен қатар Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайына экскурсия жасалды. Балалар үшін осындай танымды іс-шаралардың өтуі маңызды, себебі бұл балаларға құтқарушы сияқты абыройлы мамандығымыздың қыр сырын көрсетумен қатар, өрт қауіпсіздігін сақтау жолдарын түсіндіріп, көрсететін бірден бір шара болып табылады.! Балаларға ерекше көңіл-күймен сйылап, ТЖ туралы білімдерін молайтуға үлес қосқаны үшін, арнайы ұйымдастырылған экскурсия үшін ТЖД басшысы Қ.Базарбаевқа және департамент ұжымына алғыс білдіреміз!









