2023 жылдың 30 қараша күні №36 «Балапан» балабақшасында Астана қаласы Әдістемелік орталығы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының дене шынықтыру нұсқаушыларының жас мамандарына арналған дөңгелек үстел өтті. Барлығы 54 дене шынықтыру нқсқаушылары қатысты.

№25 «Таңшолпан» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Есенгулова Ж. Мектепке дейінгі ұйымдағы дене шынықтырудың жаңа бағыттағы ойындары» туралы іскерлік ойын көрсетті.

№71 «Мөлдір» балабақшасының дене шынықтыру нұсқаушысы Есимова М.«Дәстүрден тыс құралдар-жабдықтар арқылы балалардың денсаулығын нығайту» тақырыбында баяндама оқыды.

№56 «Береке» балабақшасы дене шынықтыру нұсқаушысы Усербаева А. «Теңізге саяхаттау» мектепалды топтарына арналған мультимедиялық технологиялар қолдана отырып іс-тәжірибесімен бөлісті.

1 қазан- Қарттарым- асыл қазынам

Балабақшамызда қазыналы қарттарымызға, ата-әжелерімізге арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға ересек және мектепалды топтарының балапандары белсене атсалысты Ата-әжелеріне қолдарынан келген өнерлерін көрсетіп , қонақтарымызға керемет көңіл-күй сыйлай білді

Мерекелік іс-шараны «Аққу» мектепалды тобының бүлдіршіндері «Жақсы көрем атамды,жақсы көрем әжемді» әнімен ашты. «Балбұлақ» ересек тобының кішкентай биші қыздары қонақтарды «Бипыл-бипыл» биімен тәнті етсе, «Зерек» мектепалды тобы өмірлік мән-мағынасы бар көріністерін көрсетті. «Бәйшешек» ересек тобының балапандары ата-әжелерімізді тақпақтарымен қуантып, «Бәйтерек» мектепалды тобы көңілді әндерін және музыка жетекшіміз «Асыл әжем» әндерін тарту етті.

Мерекені тамашалауға келген ата-әжелеріміз өздерінің жүрек-жарды лебіздерін білдіріп, балабақша ұжымына, тәрбиелеп отырған тәрбиешілеріне алғыстарын айтты


«ИНТЕЛЛЕКТУМ» ОЙЫНЫ


«Жазғы уақытта мектепалды топтар арасында өткізілген «Теннис шеберлері» сайысы» .Сайысқа «Еркемай», «Еркетай» мектепалды ооптары қатысты. Барлығы дипломдармен марапатталды. Дене тәрбиесі нұсқаушылары: Назаров Береке, Жумуагулова Самал Болатовна


Респкбликалық-семинар практикум
2023 жылғы 07 сәуірде балабақшамызда «Өркендеу» жобасы бойынша эксперименттік алаң жұмысының аяқталуына арналған «Ұлттық құндылықтар- ұлт қазынасы» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарға Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығының» әдіскері Махаббат Аскаровна, «Өркендеу» бағдарламасының ғылыми жетекшісі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмабекова Фатима Ниязбековна, «Ханталапай» ойынының ғылыми кеңесшісі филология ғылымының кандидаты, Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы Шотаев Мақсат Есенбекұлы және де 23 балабақша меңгерушілері мен әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын даналардың іліміне негіздеу, баланың толық дамуы мен рухани әлеуетін ашуға жағдай жасап, баланы ана-тілінде сөйлеуге дағдыландыру, ұлттық құндылықтар мен мәдени дәстүрлерді сақтауда жас ұрпақтың санасына сіңірудің заманауи жолдарын тәжірибелік тұрғыдан көрсетуге жаңартылған бағдарлама бойынша «Білім кемесі», «Өнерлі ұрпақ» ұйымдастырылған іс-әрекеттері көрсетілді.

«Әжемнің өнегелі ертегілері» бағдарламасында жас ұрпақты тапқырлыққа, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, достыққа шақырып, әділеттілікті қолдап, сезімталдыққа тәрбиелеп, жақсы мен жаманды айыра білуге жол сілтеу мақсатында «Жақсылық пен Жамандық» ертегісінен сахналық қойылым қойылды.

Балабақшада бағдарлама аясында үштік одақ бірлесе отырып, халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлерін, ұлттық ойындарын, өнерімізді жаңғыртып, дәріптеу арқылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі ретінде ұлттық ойынымыз «Ханталапай» ойынынан шебер-сынып, балалармен музыка жетекшісінің сүйемелдеуімен «Айтыс» өнері көрсетілді.
Семинардың қорытынды бөлігінде «Әжелер» мектебінен құралған хор «Әкелер» мектебінің фортепианода сүйемелдеуімен «Саржайлау» әні орындалды.

✅Семинарға атсалысқан барлық ұжымға, тәрбиеленушілер мен ата-аналарымызға, әжелерімізге алғыс білдіреміз
@astana_adistemelik_ortalyq
@bilimastana